Форум туралы
Мақсаты мен міндеттері: Елорда жастарының отанға, елге деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыру, жастарды қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, Елорда жастарының жан-жақты дамуына, олардың кәсіби шығармашылығының өсуіне мүмкіндік жасау. Салтанатты шараның қатысушыларына елімізге танымал спорт, мәдениет, білім, ақпараттық технологиялар, медицина, бизнес, медиация салаларының өкілдерінің қатысуымен арнайы шеберлік сабақтар өткізу. Республика күні қарсаңында жастардың патриоттық рухын көтеру және тәуелсіздіктің мәні мен маңызын арттыру.
Міндеттері: Елорда жастарының бос уақытын тиімді өткізу. Өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі, жұмыссыз, әр-түрлі кәсіби салада қызмет атқаратын, дарынды, іскер жастарды бір арнада тоғыстырып, жоғары мәдени ортада өздерін ұстай білуіне, тең дәрежеде сезінуіне жағдай жасау. Астана қаласы жастарының арасында бір-біріне деген достықты орнататын мәдени орта қалыптастыру.
Мақсатты топ: 18 – 29 жас аралығындағы барлық жастар.
Күтілетін нәтиже: Жобаға қатысушы жастар елімізге танымал спорт, мәдениет, білім, ақпараттық технологиялар, медицина, бизнес, медиация салаларының өкілдерінің қатысуымен арнайы шеберлік сабақ алып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалады.
Қатысушы мекемелер: ҚР Парламенті мен қалалық мәслихат депутаттары, жастар ұйымдарының көшбасшыларын, ЖОО басшылары, Астана қаласының қоғамдық кеңес мүшелері, өңірлердегі Жастар саясаты мәселелері басқармаларының өкілдері;
Жобаның өткізілу барысы:Астана қаласындағы жастар ұйымдардың, университеттер және колледж студенттері, талантты дарынды, шығармашыл жастардың және әр түрлі салада жоғары жетістіктерге жеткен, (1000-нан кем емес) жастарды аталған іс-шараға қатысуымен M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің қабырғасында өтеді. Қатысушыларға елімізге танымал спорт, мәдениет, білім, ақпараттық технологиялар, медицина, бизнес, медиация салаларының майталмандары шеберлік сабақ өткізіп тәжірибе алмасады.
Форум бағдарламасы
10.00
Жастар ұйымдары өкілдерінің келуі, форум мүшелері.
10.30
Форумға қатысушыларды залға шақыру туралы хабарландыру естіледі. Қатысушыларды отырғызу үшін залда еріктілер жұмыс істейді.
10.45
Қатысушылар мен қонақтар отыру тәртібіне сәйкес залда өз орындарын алады.
11.00
Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қамбаров Қ.Т.,
Басқарма басшысы Президиумға барады
11.01
Баяндамашылар президиумның артындағы орындарына барады
Жүргізуші: Қайрат Тельманұлы Қамбаров
Қамбаров Қ.Т. (модератор): Құрметті форумға қатысушылар, бүгін форумға қатысушыларға арнайы келген өз саласының майталмандарын шақырдық Бүгін өзтәжірибесімен бөлісіп сіздерге тағылымды әрі пайдалы жиын болатынына сенімдімін!!!
11.10 -11.15
№1 баяндамашының сөзі
Олжас Сүлейменовтің сөзі
11.15 -11.20
№2 баяндамашының сөзі
Бабыр Арғыновтың сөзі
Сөйлеу тілі: орыс тілі
11.20 -11.25
№3 баяндамашының сөзі
Дархан Асқарұлы
Тв жүргізушісі, Блогер.
Республикалық Атамекен арнасындағы “Босат” тв подкастының авторы және жүргізушісі
Сөйлеу тілі: қазақ тілі
11.25 -11.30
№4 баяндамашының сөзі
Мирас Әбілұлы Әбіл сөзіstrong>
Сөйлеу тілі: орыс тілі
11.30 -11.35
№5 баяндамашының сөзі
Бахтияр Аманбаев
Сөйлеу тілі: қазақ тілі
14.00 -14.20
№6 баяндамашының сөзі
Даулет Досаманов, IT секторының өкілі (толық аты-жөні әзірленуде)
14.20 -14.40
№7 баяндамашының сөзі
Ерқасымов Азамат Мұратұлы
Медицина саласының өкілі (толық аты-жөні әзірленуде)
14.40 -15.00
№8 баяндамашының сөзі
Теміржан Ердәулет
15.00-15.20
Аудиторияның форум спикерлеріне сұрақтары
15.20-15.50
Концерттік бағдарлама
16.00
Естелік фотосурет
Іс-шараның аяқталуы
Тақырып бағыттары
- Қазақстандық мәдени өнімді әлемдік аренада таныту және сату өндірісі (Корея мемлекетінің мысалы ретінде)
- «Ұлы даланың 7 қыры» және ұлттық мәдениетті қоғамда насихаттау және дарыту мәселесі
- Отандық мәдениеттегі қазақ тілі мәселесі
- Ұлттық мәдениеттің дарынды өкілдерін анықтау және танымалдылыққа жол ашу платформалары
- Мәдениеттегі цензура мәселесі
- Әр қазақстандық азаматтың мәдени стандартын қалыптастыру
- Жайдарман және жастар
- Қазіргі IT білімі
- Инвестициялар
- Нарықтың IT жаңалықтары
- Шабыт және желі
- Жоғары технология
- IT саласындағы мансап
- Оқу орындарында IT саласын қамту мәселесі, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу
- Ұлттық тәрбие және заманауи трендтер қақтығысы
- Онлайн білім алудың жолдары және шетелдік тәжірибе
- Өзін-өзі дамытуға, білім алуға ынталандыру, артықшылығы
- Математиканың әр саланың өкілдеріне қажеттілігі мәселесі
- Математика – ғылымның қозғаушы күші
- Дәрігер болудың артықшылықтары
- Вирустармен күрес
- Жүрек трансплатациясы қалай жүргізіледі
- Адам ғұмырының ұзаруының эволюциясы
- Иммунитетті немен және қалай күшейту керек
- Салауатты ұлт – саналы ұрпақ
- Адамгершілік – қарым-қатынастың басты шарты
- Дейл Карнегидің жұмсақ күш стратегиясы
- Кез келген жанжалды алдын алу жолдары
- Жол тапқан адам – жолы болғыш адам
- Шешім шығарудағы әйгілі психологтардың стратегиялары
- Күш – татулықта
- Бизнес бастаудың қазақстандық нұсқасы
- Бизнес жоба жасаудың тәсілдері
- Мемлекеттік сатып алу және конкурстарға қатысу тәртіптері
- ТОО, ИП ашып оларды жүргізу тәртіптері
- Бизнестегі тәуекел мәселесі
- Бизнес құруға әркімнің әлеуеті бар
- Кәсіби спортқа бару мүмкіндіктері
- Спортқа қандай дайындық пен стратегиямен келу керек
- Күнделікті жүгірудің адам денсаулығына пайдасы
- Марафонды қалай жүгіріп өтуге болады
- Бокс – өзі-өзі қорғау құралы ретінде
- Қазақстандық бокстың болашағы
Спикерлер













